Атырау, 24 желтоқсан 04:10
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Ипотекамен үй сатып алғандар да декларация тапсырады

362 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Бір жыл ішінде ипотека арқылы құны 73 миллион теңгеден асатын пәтер сатып алғандар да жалпыға ортақ декларация тапсырады. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кеше Үкімет қарапайым халық жалпыға ортақ декларациядан босатылатынын мәлімдеген. Алайда кейбір санаттағы азаматтар үшін декларация сол күйі қалады, олардың арасында бір жыл ішінде құны 20 000 АЕК-тен (биыл 73 млн теңге) асатын қандай да бір дүние-мүлік сатып алғандар да бар.

Осыған байланысты Azattyq Rýhy тілшісі Мәжіліс кулуарында қаржы министрінен «Отбасы банк» арқылы ипотека рәсімдеп, баспаналы болғандар да декларация тапсыра ма деп сұрады.

Тәкиевтің айтуынша, егер баспана құны 73 миллион теңгеден асып кетсе, мейлі оның жартысы қарыз ақша болсын, пәтер иесі декларация тапсыруға міндетті.

«Сіз де мұндай жағдайда декларация тапсырасыз. Декларация тапсырғанда екі көзді көрсетесіз: мысалы 40 млн теңге өз ақшаңыз, қалған 40 млн теңге Отбасы банктен алынған қарыз деп. Қарыз болса да қарамайды, декларация тапсырасыз», - деп жауап берді министр.

Айта кетері, елімізде 8 миллионнан астам адам жалпыға ортақ декларациядан босатылды. Олар жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және тағы басқалары.

Бірақ шетелде активі барлар, бір жыл ішінде құны 20 000 АЕК-тен (73 млн теңге) асатын дүние-мүлік сатып алғандар, өз бетінше салық салынатын табыс тапқандар жыл сайын декларация тапсыруға міндетті болады.

20 қараша, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.