Атырау, 24 желтоқсан 04:28
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Заң Сенатқа кетті: 2027 жылдан бастап елдегі балабақшалар лицензияланады

295 просмотра
Фото: freepik.com

Парламент Мәжілісі балабақшалар үшін лицензиялау міндетін көздейтін «Кейбір заңнамалық актілерге білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Заң жобасында білім жүйесін жетілдіру, жетім балалардың, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балалардың жекелеген санаттарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктерін нығайтуға бағытталған нормалар қарастырылған. 
Мәжіліс депутаттардың бастамасымен осы заңға 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында қызмет көрсететін ұйымдарды лицензиялау тәртібі енгізілді. Яғни 2027 жылдан бастап республикадағы балабақшаларға лицензия беріледі. 

Сонымен қатар меншік нысанына қарамастан барлық мектептегі әлеуметтік жағынан осал отбасылар санатындағы балаларға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Депутаттардың айтуынша, он мыңдай бала «Всеобуч» қорынан көмек ала бастайды. 
Бұдан бөлек, заң жобасында балалар орталықтарын, үйірмелер, секциялар ашу кезінде хабарлама жасау тәртібі көзделіп отыр. Жетім балаларды қабылдайтын кәсіби отбасы институты енгізіледі.

20 қараша, 15:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.