Атырау, 24 желтоқсан 04:14
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Қазақстанның оңтүстігінен Ақтауға 300 кило есірткі жіберілмек болған

315 просмотра
Фото: ҰҚК

ҰҚК Қазақстанның оңтүстігінен Ақтауға 300 кило есірткі жіберілмек болғанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомство мәліметінше есірткі арнасын ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

«Заңсыз айналымнан каннабис тобына жататын 300 келі есірткі заты тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.
20 қараша, 14:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.