Атырау, 10 қаңтар 12:54
 ашықВ Атырау -3
$ 524.75
€ 540.60
₽ 5.12

БҚО-да дәрігердің қателігінен науқас аяғынан айырылды

366 просмотра
Көрнекі сурет

БҚО-да Жәнібек ауданында хирург науқасты дұрыс емдемегеннен науқас аяқсыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мой город сайтына сілтеме жасап хабарлады. 

Жәнібек аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 317-бабы "Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы" бойынша іс қаралды.

Сотталушы аудандық ауруханада хирург болып жұмыс істеген.

Жәбірленуші 2023 жылдың 25 қазанында сағат 18:25-те жұмысқа байланысты аяғынан жарақат алған. Ауруханаға жеткізілді, антисептиктермен емделді. Дәрігер өлі тіндер мен жараның шеттерін кеспей тігіп, қанын ағызды. Осыған байланысты ірің жиналып қалып, содан ісініп, сұйықтық пайда болған. Бұл тіндердің қысылуына әкеліп, инфекциясы асқынды. Содан кейін 2023 жылдың 10 қарашасында жәбірленушінің оң аяғы тобық деңгейінде кесілді.

Сотта жәбірленуші хирург оған келтірілген шығынды өтегенін, онымен медиация тәртібімен татуласқанын, оны кешіргенін және қылмыстық істі тоқтату туралы арыз бергенін айтты.

"Сот қылмыстық іс материалдарын зерделеп, оларға баға бере келе, сотталушы жасаған қылмыстық әрекет онша ауыр емес қылмыстар санатына жататынын анықтады", – деп хабарлады облыстық сот.

Осылайша сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, іс өндірістен қысқартылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

20 қараша 2024, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.