Атырау, 17 сәуір 08:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 471.46
€ 555.38
₽ 6.18

Қазақстан мен Сербия әскери салада ынтымақтастық орнатты

572 рет қаралды
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қазақстан мен Сербия 2025 жылы әскери салада ынтымақтасатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов сербиялық әріптесі Братислав Гашичпен ресми кездесуі барысында екіжақты әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

«Бағдарлама аясында қазақстандық делегация Сербияның қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының көрмелерімен танысты.
Келіссөздер нәтижелері бойынша қорғаныс саласындағы екіжақты келісімге және 2025 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды», - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
20 қараша 2024, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.