Атырау, 10 қаңтар 12:21
 ашықВ Атырау +1
$ 524.75
€ 540.60
₽ 5.12

Декларацияны тапсыруға кім міндетті: қаржы министрлігі нақтылады

311 просмотра

Қаржы министрлігі декларацияны міндетті түрде тапсыру кімге жүктелетінін нақтылап берді.  

Қаржы министрлігі:

- шетелде активтері бар тұлғаларға, 

- сайлауға түсуге құқығы бар азаматтарға, мемлекеттік лауазымға орналасуға және оларға теңестірілген кандидаттар үшін, 

- банктердің, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары болғысы келетіндер үшін 

активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 СЕН) ұсыну жөніндегі міндетті сақтауды ұсынып отыр.

Сондай-ақ азаматтарға активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны өз еркімен ұсыну құқығы берілетінін айта кетейік.

"Бұл ретте мемлекеттік қызметшілерге, квазимемлекеттік және жеке компаниялардың басшыларына, құрылтайшыларға (оның ішінде 25% астам және одан да көп акция иеленушілерге), олардың жұбайларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде активтері бар және (немесе) дербес салық салынатын табыс алған адамдарға кірістері мен мүлкі туралы жыл сайынғы декларацияны (270.00 СЕН) тапсыру жөніндегі міндет сақталатынын айта кету керек", - делінген хабарламада. 

Қосымша құны 20 000 АЕК (74 млн теңге) асатын ірі сатыпалым жасаған тұлғалар үшін осындай міндетті белгілеу ұсынылды.

20 қараша 2024, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.