Атырау, 24 желтоқсан 06:08
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

​Алматыда интернет алаяқтықпен айналысқан азамат ұсталды

333 просмотра
Сурет: profit.kz

Бүгін, 19 қарашада Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының «Cyberpol» қызметкерлері алаяқтық схемаларды ұйымдастыру үшін «SIM box» жабдығын пайдаланған деген күдікті «Р» азаматын ұстады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары «Қазақтелеком» АҚ және «Кселл» АҚ-мен ынтымақтастық шеңберінде жүргізілді.

Жалға алынған пәтерді тексеру барысында 32 SIM-карта слоты бар «SIM box» жабдығы, сондай-ақ ұялы операторға тиесілі 285 SIM-карта табылды.

Құрылғы «WhatsApp» және «Telegram» сияқты интернет-сервистері мен мессенджерлерді белсенді ету үшін пайдаланылды, бұл алаяқтарға жасырын аккаунттарды тіркеуге және елден тыс жерлерде Қазақстан азаматтарына қоңырау шалуға мүмкіндік берді.

Ұсталғанның айтуынша, ол жұмыс туралыұсынысты «Telegram» арқылы алған, онда оғанжабдықтарды баптау және қызмет көрсету, сондай-ақ SIM-карталарды үнемі ауыстырып отыру тапсырылған. Осы міндеттерді орындағаны үшін жоғары ақы төленеді деп уәде берген.

Алматы қаласының прокуратурасы азаматтардың назарын жеңіл табыс табу уәдесін беріп, күмәнді схемаларға қатысу тәуекелдерінің көбеюіне аударады.

Егер сізге осындай фактілер туралы белгілі болса немесе сізге күдікті ұсыныс келсе, дереу құқық қорғау органдарына жүгінуді сұраймыз.

19 қараша, 17:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.