Атырау, 22 маусым 16:06
 дождьВ Атырау +26.4
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64

​Халидолла Дәуешов прокурор лауазымынан босатылды

1 022 рет қаралды

Ақтөбе облысының прокуроры  Халидолла Дәуешов лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

"Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі негізінде Бас Прокурордың  2024 жылғы 18 қарашадағы бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Халидолла Зиноллаұлы Дәуешов Ақтөбе облысының прокуроры лауазымынан қызметті өткерудің шекті жасына жетуіне байланысты босатылды", - делінген хабарламада. 

Х.З. Дәуешов заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін І және ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен наградталған. 

Прокуратураның құрметті қызметкері.

Дәуешов Халидулла Зиноллаұлы 1964 жылы Атырау облысында дүниеге келген. 1984-1985 жылдары Ауғанстан Республикасында соғыс қимылдарына қатысқан. 1991 жылы Алматыдағы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 1991 жылы Гурьев қаласы прокуратурасының тәлімгері болып бастаған. 1992-1994 жылдары Атырау қаласы прокурорының көмекшісі, 1994-1999 жылдары Атырау облысы прокуратурасының бөлім прокуроры, бөлім аға прокуроры, бөлім бастығы болып қызмет істеді.

1999-2002 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықты қадағалау департаментінің аға прокуроры, арнайы прокурорлар және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаментінің аға прокуроры болды.

2002-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының прокуроры, Атырау облысының Жылыой, Мақат аудандарының және Атырау қаласының прокуроры лауазымдарын атқарды.

2012-2019 жылдары Жамбыл және Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Қызылорда облысының прокуроры қызметтерін атқарды

2019-2022 жылдары Атырау облысының прокуроры қызметтерін атқарды.

2022 жылдың 27 шілдесінде Ақтөбе облысының прокуроры болып тағайындалды.

19 қараша 2024, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.