Атырау, 24 желтоқсан 05:49
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Қамауға алынған Бағдат Қарасаевтың орнына жаңа әкім тағайындалды

397 просмотра
Фото: Алматы облысы әкімдігінен

Қайыржан Жақсымбетов Алматы облысы Іле ауданының жаңа әкімі болып тағайындалды. Ол бұл қызметке қамауға алынған Бағдат Қарасаевтың орнына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық әкімдік мәліметінше, жаңа әкімнің кандидатурасы Президент Әкімшілігі және Іле аудандық мәслихатының депутаттарымен келісілген.

Қайыржан Жақсымбетов 1975 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын "өндірістік және азаматтық құрылыс" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2004 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінен "құқықтану" мамандығы бойынша диплом алған.

Еңбек жолын Жамбыл облысында "Жамбылагропромстрой" АҚ құрылыс учаскесінің бригадирі болып бастаған.

Бұған дейін мына лауазымдарда қызмет атқарған:

  • Жамбыл облысы Тараз қаласында "Сарыарқа" ауылшаруашылық кәсіпорнының вице-президенті;
  • Алматы архитектуралық-құрылыс бақылау басқармасында ғимараттарды қайта құру және қайта жоспарлау бойынша мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау бөлімінің бас маманы және басшысы;
  • Алматы мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің директорының орынбасары және бастығы;
    Алматы Алатау ауданы әкімінің орынбасары;
  • Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары;
  • Алматы облысының мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау басқармасының басшысы.

Еске салсақ, ауданның бұрынғы әкімі Бағдат Қарасаев 2024 жылдың қыркүйегінде қамауға алынған болатын. Антикор мәліметінше, ол бірқатар ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасады деген күдікке ілінген.


19 қараша, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.