Атырау, 24 желтоқсан 06:24
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

​Қазақстанда 1 АҚШ долларының ресми бағамы 500 теңгеге жақындап қалды

279 просмотра

18 қарашада Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 497,89 теңге (алдыңғы көрсеткіштен 1,88 теңге көп) болды, деп жазады Азаттық Радиосы. 

Kurs.kz дерегінше, дүйсенбі күні түстен кейін Алматы мен Астанадағы ақша айырбастау орындарында 1 доллар 500-502 теңгеден, ал Шымкентте 501 теңгеден сатылған. Семейде 1 доллар – 505 теңге, Ақтөбеде – 501 теңге, Ақтауда – 500 теңге, Оралда 504 теңге болған.

Қазақстандық экономист Арман Байғанов Азаттыққа берген пікірінде, АҚШ-та өткен президент сайлауында Дональд Трамп жеңіске жеткен соң теңге де әлсіреді дейді.

Сарапшы Қазақстанда кейінгі бірнеше жылда ұлғайған инфляцияны да теңгенің әлсіреуіне әсер еткен тағы бір маңызды фактор ретінде атады. 

19 қараша, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.