Атырау, 24 желтоқсан 07:01
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Террористік ұйымның әрекетіне қатысы бар деген күдікті азаматты Түркиядан Қазақстанға алып келді​

195 просмотра

Террористік ұйымның әрекетіне қатысы бар деген күдікті азаматты Түркиядан Қазақстанға алып келді, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті ү.ж. 16 қарашада ҚР Бас прокуратурасымен әрекеттесе отырып Анталия қаласынан Алматыға халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы бар деген күдікпен ҚР азаматын алып келді.  

Тергеу материалына сәйкес, ол ертеректе Сирияға кетіп, қарулы топтардың біріне қосылған. Содан кейін Түркияға жетіп, сол жерде полиция органдарымен ұсталған.  

Оның өз еркімен Қазақстанға қайтып, заңмен қарастырылған қылмыстық жауапкершілікті тартуға дайын екені анықталды.   
ҰҚК фигурантқа қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде. Ол сот санкциясымен қамауға алынды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.


19 қараша, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.