Атырау, 24 желтоқсан 06:57
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

​«Ақжайық» футбол клубы жанайқайын жеткізді

384 просмотра
Сурет: Видеодан алынған кадр

«Ақжайық» футбол командасы 10 айдан бері жалақы алмады, деп хабарлайды Orda.kz

Футболшылардың бұл ахуалын журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Жалақы алмаған жастар президентке үндеу жолдаған. Футболшылар үндеудің жолданғанына 4 ай өтсе де, ешқандай шара қолданылмағанына наразы.

«Ақжайық» футбол клубы атынан үндеу жолдағымыз келіп отыр. Бұл клубтағы футболшылар, бапкерлер қаңтар айынан бері жалақы ала алмай келеді. Бұл жерде қаншама жастар жаттығып жатыр. Соған қарамастан бапкерлер айлығын алмады. Сондықтан бізге көңіл бөлуді сұраймыз», - дейді футболшылар. 

Гүлмира Әбіқай мықты жаттықтыушылардың такси жүргізіп жүргенін айтты. 

«Футболшылар пицца тасып кетті. Мықты жаттықтырушылар таксист болып жүр. БҚО-ның маңдай алды мақтанышы «Ақжайық» футбол командасының күйі осы. Жігіттердың жалақы алмағанына 10 ай болды. Мына үндеу 5 ай бұрын жолданған. Одан бері тағы 4 ай өтті. Түк өзгеріс жоқ» деп жазды журналист. 
18 қараша, 18:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.