Атырау, 24 желтоқсан 06:45
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

«Шайн мускат» жүзімі қауіпті ме?

457 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Қазақстанда Оңтүстік Кореядан жеткізілетін «Шайн мускат» трендті жүзім сортының сынамалары алынады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.

«Шайн мускат» жүзімі – қазір Қазақстандағы трендтердің бірі. Әлеуметтік желілерде танымал блогерлер дәмін татып, видеоларын түсіреді. Сонымен қатар, жүзімдегі нитраттардың мөлшері рұқсат етілген нормалардан асады деген ақпарат та бар. Мәжіліс кулуарында ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы жемістің бұл түрі қауіпсіздік бойынша тексерілетінін айтты.

«Біздікілер міндетті түрде сынама алып, зертханаға тапсырады. Өтініш жазыңыз, тағы бір рет тексеріп, нәтижесін жариялайық. Менің ойымша, шекарадан өткеннен кейін құжаттар мен сертификаттар бар. Егер қандай да бір заңсыз жолмен өтсе, бұл басқа мәселе», - деп атап өтті Сапаров.

Ол тексеруді комитет төрағасына тапсыратынын айтты.

18 қараша, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.