Атырау, 24 желтоқсан 17:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Шетелде жұмысқа орналастыратын агенттіктер қызметі реттеледі

300 просмотра
Көрнекі сурет

Қазақстандықтардың шетелдегі жұмысын ұйымдастыру бойынша еңбек мобильділігі орталықтарының жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен өзара іс-қимыл жасау қағидаларының жобасы әзірленді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес, құжаттың негізгі мақсаты – республикадан тыс жерлерге жұмысқа шығатын қазақстандықтарды даярлауды, олардың еңбек қызметін тиімді ұйымдастыруды және шетелде еңбек құқығын қорғауды қамтамасыз ету.

Қағидалар шетелде азаматтарды жұмысқа орналастыруға қатысуға үміткер жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне қойылатын талаптарды белгілейді, сондай-ақ осы агенттіктердің еңбек ұтқырлығы орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды. Сонымен бірге жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің шетелде жұмысқа орналасқысы келетін ізденушілерді іріктеу және оларды даярлау тәртібі регламенттеледі, – делінген құжат мәтінінде.

Бұдан басқа белгіленген талаптарға сәйкес келетін жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің тізілімін құру және жүргізу көзделіп отыр.

Құжат 25 қарашаға дейін «Ашық НҚА» порталында қоғам талқысына ұсынылды.

18 қараша, 13:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.