Атырау, 24 желтоқсан 18:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Алматыдағы экобекеттерде 437 миллион теңге болатын заңбұзушылықтар анықталды

286 просмотра
Фото: polisia.kz

Алматыдағы табиғатты қорғау бекеттерінде 25 мыңнан аса экологиялық нормалардың бұзылуы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті полиция қызметі мәліметінше, қалада 19 табиғатты қорғау бекеті бар. Олар қаланың периметрі бойынша орналастырылған. Жыл басынан бері табиғатты қорғау бекеттерінде 25154 құқық бұзушылық анықталды.

"Ластаушы заттардың мөлшері бойынша нормативтерден асатын автокөліктерді және басқа да жылжымалы көлік құралдарын пайдаланғаны үшін 25154 әкімшілік хаттамалар толтырылды. Айыппұлдың жалпы сомасы 437 миллион теңгеден асты", - делінген хабарламада.


18 қараша, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.