Атырау, 24 желтоқсан 19:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Қазақстан азаматы 100 млн теңгеге жуық ақшаны ұрлап, Ресейге қашып кеткен

267 просмотра
видеодан скриншот

Аса ірі көлемде алаяқтық жасап Ресейге қашып кеткен Қазақстан азаматы экстрадицияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бас прокуратура мәліметінше, күдікті 2019-2020 жылдар аралығында кәсіпкерді алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы жалпы сомасы 53 миллион теңге мөлшерде арнайы техниканы, сондай-ақ алаяққа тиесілі емес көлікті 35 миллион теңгеге сатып,  ірі көлеміндегі қаражатты жымқырған.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кеткен, сол себепті ол халықаралық іздеуге жарияланған. Осы жылдың шілде айында ол Санкт-Петербург қаласында ұсталды.

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті Петропавл қалалық тергеу изоляторына қамалды. Айыпталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», - делінген Бас прокуратура хабарламасында.
18 қараша, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.