Бүгін Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру-бермеу мәселесіне нүкте қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, жуырда мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы беруге тыйым салынатындығы туралы мәселе қызу талқыланған. Бүгін президент өз сөзімен бұл мәселеге нүкте қойды.
«Мемлекеттік қызметшілер – елдегі жүйелі өзгерістердің басты жолбасшылары. Олардың табысы айтарлықтай көп емес. Кей кездері түнімен жұмыста отырады. Мемлекеттік қызметшілердің де отбасы мен міндеті, қала берді қарапайым адам ретіндегі қалауы мен жоспары бар. Мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыру үшін қатардағы қызметкерлердің еңбекақысы бәсекеге қабілетті болуы керек деп ойлаймын. Сыйақы аталған мәселені шешуге мүмкіндік береді. Басқа жолмен мемлекеттік қызметке білікті мамандарды тартып, кадр тұрақсыздығы проблемасын шешу қиын», - деді Тоқаев.
15 қараша, 16:35