Атырау, 24 желтоқсан 17:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Бишімбаевтың қай түрмеде отырғаны белгілі болды

755 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Осыған дейін оның қауіпсіздігі ең жоғары мекемеде жазасын өтеп жатқаны айтылған-ды.

Адвокат Жанна Оразбақова инстаграм парақшасында түзету мекемесін нақты атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мұндай қадамға YouTube арналардың бірінде жарияланған материал себеп болуы мүмкін. Өйткені, арнада Бишімбаев отыруы мүмкін деген түзету колониясында оның жоқ екендігі айтылып, қоғамда фейк ақпарат тараған еді. Өз кезегінде ҚАЖК ел тұрғындарын ресми ақпарат көзіне сүйенуге шақырып, жалған ақпарат таратпауын сұрады.

Бұған дейін ҚАЖК баспасөз қызметі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаевтың қауіпсіздігі ең жоғары мекемеде отырғанын хабарлаған болатын.

Қоғамда көп талқыланған қылмысқа себепші болған экс-министрдің қайда жазасын өтеп жатқанын адвокат Жанна Оразбақова ҚАЖК мекемесіне хат жолдау арқылы білген.

Нүкенова тарапының мүддесін қорғаған адвокат инстаграм парақшасында Бишімбаевтың Ақмола облысы Степногорск қаласындағы ҚАЖД №5 мекемеде (түзету мекемесінің 7 өнеркәсіп аймағы, 14 А ғимарат) отырғанын айтты.

13 мамырда "әйелін аса қатігездікпен қинап өлтірді" деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың 24 жылға сотталғаны көпшілікке белгілі.

Еске салайық, бұған дейін Бишімбаевтың балаларының тегін ауыстыруға рұқсат бергенін хабарлаған едік.

15 қараша, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.