Атырау, 24 желтоқсан 18:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Қазақстандықтар бір QR-кодпен әртүрлі банкте төлем жасай алады

684 просмотра

Фото: freepik.com

Қазақстан Ұлттық банкі мен Ұлттық төлем корпорациясы банкаралық QR төлемдерін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бірыңғай QR-кодпен жасалған алғашқы транзакция Алматыда өткен Қазақстан қаржыгерлері конгресінде таныстырылды. Оған екінші деңгейлі екі банк қатысқан.

«Банкаралық QR-кодты енгізгеннен кейін кәсіпкерлер әртүрлі банктердің терминалдарын орнатып жүрмейді. Осылайша терминалдарға кететін ақшаны үнемдейді. Ал қарапайым халық бірыңғай QR-кодпен елдегі кез келген банктің терминалы арқылы төлем жасай алады», - деп түсіндірді Ұлттық банк.

Ал екінші деңгейлі банктер банкаралық транзакцияларды өңдеу құнын төмендету есебінен шығындарын оңтайландырып, клиенттер үшін төлем қызметтерін кеңейтуге мүмкіндік алады.

Банкаралық QR төлем жүйесіне банктер кезең-кезеңмен қосылады. Осылайша Ұлттық банк жобаны 2025 жылы кеңейтіп, барлық банкке ортақ QR-кодты толығымен енгізуді жоспарлап отыр.

15 қараша, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.