Атырау, 24 желтоқсан 18:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Сарбаздарымыз енді төрт тілде сөйлейді

306 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан парламентінің сенаты Катармен келісімді бекіткеннен кейін отандық сарбаздарға араб тілін үйрену міндеттеледі. 

Бірер күн бұрын депутаттар Қазақстан мен Катар арасындағы әскери ынтымақтастықты реттейтін келісімді бекіту туралы заң жобасын талқылады. Құжатта әскери мүлік транзитінің, материалдық-техникалық қамтамасыз етудің, сондай-ақ қаржыландырудың, әуе кеңістігін және әскери полигондарды пайдаланудың жаңа нормалары белгіленген. 

Сонымен қатар келісімде қазақстандық сарбаздарға араб тілін үйрету де қарастырылған. Бұл сарбаздарымыздың Катар әскерилерімен өзара қарым-қатынасын жақсартуға септігін тигізеді. 

Еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтың айуынша, енді қазақстандық сарбаздар төрт тілде: қазақ, орыс, ағылшын және енді араб тілдерінде сөйлейді.

15 қараша, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.