Атырау, 24 желтоқсан 18:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Жаңа Су кодексі әр аймақтың ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді

297 просмотра
Сурет: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз жаңа Су кодексінің жобасы туралы айтып берді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

Жаңа Су кодексі жобасының негізгі мақсаты − экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қоршаған ортаны сақтауға мүмкіндік беретін су пайдаланудың қауіпсіз деңгейіне қол жеткізу мен оны қолдау болып табылады.

Жаңа Су кодексі климаттың өзгеруіне бейімделуге және суды үнемдеу принциптерін енгізуге баса назар аударады.

Құжат су ресурстарын басқарудағы үйлестіруді жақсарту үшін мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті уәкілетті органдардың құзыреттерін мұқият реттейді.

Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі су объектілерінің жай-күйі туралы деректердің мониторингі мен есепке алынуын қамтамасыз етеді.

Су ресурстарын қорғау мен пайдалануды жоспарлаудың жаңа тетіктері әр аймақтың ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді.

Шағын су объектілерін, сулы-батпақты жерлер мен мұздықтарды қорғауға ерекше назар аударылады.

Кодекске «экологиялық ағын» ұғымы енгізіледі, бұл – су объектілерінің экожүйелерін сақтау үшін судың ең төменгі рұқсат етілген деңгейі, сарқылудан және басқа да жағымсыз салдардан қорғайды.

Елді мекендердегі сумен жабдықтау, су бұру және гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударады.

Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп үшін суды пайдаланудың қатаң нормаларын белгілейді.

Су объектілерін қорғау жөніндегі іс-шараларды едәуір кеңейтеді және суды пайдалануды реттеуді жетілдіреді.

15 қараша, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.