Атырау, 24 желтоқсан 18:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

“Семей орманында“ жалған дипломмен жұмыс істегендер ұсталды

203 просмотра

Абай облысында прокуратура жалған дипломмен жұмысқа орналасқан "Семей орманы" МОТР қызметкерлерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жоғары оқу орындарын бітіргені туралы жалған дипломдармен жұмыс істеген Резерваттың 5 қызметкерін, оның ішінде бір филиал басшысын анықтады.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеттің мәліметіне сәйкес аталған қызметкерлерге диплом берілмеген.

Осы фактілер бойынша ҚК 385-бабының 3-бөлігі (жалған құжаттарды жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталып, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін полицияға жолданды.


15 қараша, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.