Атырау, 11 желтоқсан 14:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Аида Балаева Перизат Қайраттың тұтқындалуына қатысты пікір білдірді

431 просмотра

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз пікірін Фейсбуктегі парақшасында жариялады. 

«Волонтерлер қозғалысының белсендісі әрі қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты шулы тергеу қайырымдылық көмегін көрсету механизмдерін жетілдірудің қажеттілігін тағы да еске салып отыр" , - деп жазады министр. 

А.Балаева қазіргі кезде Қазақстанда волонтерлік пен қайырымдылық белсенді түрде дамып келеді. Алайда бұл сонымен қатар алаяқтықпен мен пайдакүнемдік әрекеттерге де қолайлы жағдай туғызатынын да атап өтті. Сондықтан министр халықты тек сенімді қайырымдылық операторларымен жұмыс істеуге шақырды.

Еске салсақ, Перизат Қайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікпен ұсталды

.

14 қараша, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.