Атырау, 15 қараша 00:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 493.85
€ 519.04
₽ 4.97

Коммуналдық қызметтер түбіртегіне баспананы сақтандыру төлемі қосылуы мүмкін

200 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Енді Қазақстан азаматтарының коммуналдық қызметтер түбіртегіне тағы бір төлем түрі қосылуы мүмкін, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Қаржы нарығын реттеу агенттігінің мамандары азаматтарға мүлікті апаттан сақтандыруды міндеттеуді ұсынып отыр. Өйткені, елімізде баспанасын төтенше жағдайлардан сақтандыруға асықпайтындар көп екен.
Қаржы нарығын реттеу агенттігінің мамандары төтенше жағдайлардан сақтандырудың жаңа үлгісін әзірлеп жатыр. Ақпараттарына сүйенсек, елімізде баспанасын табиғи апаттан ерікті түрде сақтандыратын азаматтар тым аз.

Сондықтан, тұрғындардың коммуналдық төлемдеріне енгізіп, міндеттеуді ұсынады. Дегенмен Қазақстан азаматтарының қанша қаражат төлейтіні әзірге белгісіз.

"Бұл тек ұсыныс. Әзірге біз баспананы апаттан сақтандыруды міндеттеу шарасын әзірлеп жатырмыз. Көптеген шет мемлекеттер осы әдісті қолданады. Сондықтан, тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мұндай жаңалыққа қарсы болмайды деп үміттенеміз. Агенттіктің бұл ұсынысына халықтың көзқарасы екі түрлі. Бірі коммуналдық төлемдер онсыз да қалтаны қағады десе, кейбірі елдегі төтенше жағдайлардың жиілегенін айтып, сақтандыруды қолдайды", – деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева.

Кеше, 14:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.