Атырау, 25 желтоқсан 06:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Әскери қызметшілердің киім үлгісі өзгерді

389 просмотра
Қорғаныс министрлігінің телеграмм-арнасынан

Елімізде қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерін бірыңғай түсті және бірыңғай стильдегі далалық киім нысанына көшіру алғаш рет жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.

Министрлік мәліметінше, жаңа киім нысаны – жақсартылған функционалдылық пен жайлылық (желден қорғау үшін тік жаға енгізілді, қосымша бөлшектер алынып тасталды, қалталар функционалды болды).

"Нысанның бүркемелеу қасиеттерін арттырды. Онда климаттың және аймақтың географиялық ерекшеліктері ескерілді. Жаңа мата суға, аязға және желге төзімді қасиеттерге ие. Айырым белгілері енді Velcro типті жапсырмаға бекітіледі. Капюшоны бар деми-маусымдық далалық куртка және жағасы бар далалық жемпір пайда болды",- делінген мәліметте.

Бұдан басқа, қысқы киім нысанына түбегейлі өзгерістер енгізілгені, матаның құрамы өзгертілгені, қалың шалбардың функционалдығы жақсарғаны, жүннен жасалған қалпақ пен құбырша шарф қосылғаны атап өтілді.

"Әскери басқару органдарына арналған жазғы киім нысанына тактикалық етік (кроссовка) және құм түсті қонышты етік енгізілді" дерінген ақпаратта.

Жабдықтау нормаларын оңтайландыру жыл сайын 140 млн теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді.

13 қараша, 17:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.