Атырау, 25 желтоқсан 06:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

​Қарағанды облысының шаруалары су шығынын 1,5 есе азайтуға ниетті

351 просмотра

Қарағанды облысының шаруалары су шығынын 1,5 есе азайтуға мүмкіндік беретін заманауи су үнемдеу технологияларын енгізуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қарағанды облысы бойынша «Қазсушар» филиалы директорының міндетін атқарушы Ерғали Омаров айтып өтті.

Бүгінгі таңда мемлекет суармалы судың әрбір текше метрінің құнының 60%-ын субсидиялау шеңберінде өтейді. 

«Келесі жылы филиал Жартас су қоймасындағы каналдарды күрделі жөндеуді жалғастырады. Биыл Жартас су қоймасының Жартас және Малокомспай магистральдық арналары учаскелерінің бетон беткейлері мен түбіне жөндеу жүргізілді», − деді Қарағанды облысы «Қазсушар» филиалы директорының м.а. Ерғали Омаров.


13 қараша, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.