Атырау, 11 желтоқсан 06:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

​Көлік саласындағы цифрлық жобалар таныстырылды

229 просмотра

Digital Transport Day іс-шарасы аясында Көлік министрлігі өкілдері автомобиль, теміржол, теңіз және әуе көлігі, сондай-ақ автожол саласындағы цифрлық шешімдер мен инновациялар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Digital Transport Day-ға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің және Үкімет Аппаратының қызметкерлері, Цифрлық даму вице-министрі, министрліктердің цифрлық салаға жауапты орынбасарлары, сондай-ақ мемлекеттік және жеке ұйымдардың IT-қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында автожол саласындағы цифрлық технологиялар туралы айтылды. Мәселен, олардың қатарында:

- автожолдарды салу, жөндеу кезінде орындалған жұмыстар мен материалдарға сараптама жүргізу рәсімдерін автоматтандыру;

- бизнеске арналған жол-құрылыс материалдарының жалпыға қолжетімді дерекқоры;

- жолдың жай күйін диагностикалау мәселелерінде жасанды интеллектті қолдану;

- республикалық трассалардың ақылы учаскелерінде қолданылатын ақпараттық жүйелер бар.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 95 мың шақырым автожолдың барлық цифрлық аспектілерін қамтитын бірыңғай жалпыға қолжетімді жүйені іске асыру жоспарлары да көрсетілді.

Автокөлікпен жүк тасымалдау саласындағы цифрлық мәселелерге ерекше назар аударылды:

- электрондық тауар-көлік жүкқұжаттары мен жол парақтарына көшуге мүмкіндік беретін Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін енгізу;

- Өзбекстанмен электрондық рұқсат беру бланкілерін өзара алмасу, сондай-ақ ҚХР және Түркі мемлекеттері ұйымдарының елдерімен жобаны масштабтау жоспарлары;

- 2024 жылы ел жолдарында 20-дан астам автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату арқылы автоматты салмақтық бақылауды күшейту туралы айтылды.

Еліміздің теңіз порттарында жобаларды енгізу бойынша жұмыстар, сондай-ақ Каспий секторы мен мультимодальды көлік дәліздерін цифрлық дамыту жоспарлары да талқыланды.

Әуежайлар мен әуе компаниялардың цифрлық жобалары көрсетілді. Әуе құралдарының ұшуын жоспарлау кезінде қолданылатын технологиялар, сондай-ақ E-freight жүйесінде жүк тасымалын электрондық рәсімдеу мәселесі атап өтілді.

Көлік вице-министрі Қалиақпаров Мақсат Қайыржанұлы іс-шараға қатысушыларға алғысын айтып, көлік саласын цифрландыру қоғам мен экономика үшін қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, еліміздің транзиттік дәліздерін дамыту және Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін арттыру аясында заманауи цифрлық технологияларды енгізудің маңызы туралы айтты.

13 қараша, 09:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.