Атырау, 25 желтоқсан 10:59
 бұлттыВ Атырау 0
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

​Қазақстанда жалған шетел валютасын өткізу фактілері жиілеп кетті

205 просмотра
Видеодан жасалған скриншот

Қаржылық мониторинг агенттігі жалған шетел валютасын өткізу фактілерінің жиілеп кеткені жайлы хабарлайды.  

Мәселен, Алматы қ. жалған 100 долларлық купюраларды сатумен айналысқан тұлғалар тобы анықталды. Қылмысқа қатысушылардың бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында 149 дана (14 900 АҚШ доллары) жалған доллар табылды. Құқық бұзушылар ұсталып, сот оларға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысында ҚМА полициямен бірлесіп жалған валютаны өткізу фактісі анықтады. Бір топ адам Орал қаласындағы лотерея клубтарының бірінде жалған 25 000 АҚШ доллары мен 10 000 евро өткізген деп күдіктелуде. Күдіктілер бәс тігу мақсатында бұл қаражатпен шоттарын толықтырған. Жалған ақшаны сатушыға қатысты соттың санкциясымен «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды. 

Жыл басынан бері Қазақстан аумағында айналымнан 1 060 жалған банкнот тәркіленді, оның ішінде ұлттық валютада 647 000 теңге сомасына 141 дана, 90 400 АҚШ долларына 905 купюра, 2 000 еуроға 4 купюра, 1 000 юань сомасына 10 купюра. Алынған жалған банкноттардың жалпы сомасы 43 млн теңгеден асады.

Жалпы, ағымдағы жылы жалған купюраларды жасап, өткізгені үшін 8 адам 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды. 

Жалған ақша жасаушылардың құрбаны болмас үшін жақсы бағам бойынша айырбастауды ұсынса да, бейтаныс адамдарға ақша айырбастамай және валютаны «делдалдардан» сатып алмаған жөн.   

13 қараша, 08:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.