Атырау, 11 желтоқсан 06:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Бишімбаев балаларының тегін өзгертуге келісті

434 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Астанада Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру ісі бойынша апелляциялық сот отырысы өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оның бұрынғы әйелі Назым Қаһарман үш баласының әкесін ата-аналық құқығынан айыруды сұраған. Оның айтуынша, әкелерінің қылмыстық жауапкершілікке тартылуына байланысты балалар психологиялық жайсыздықты сезінген. 

Жауапкер балаларға қатысты мұндай әрекеттерге жол бермегендіктен, бірінші сатыдағы сот талап арызды қанағаттандырудан бас тартты.

"Бұл шешімге талапкер шағымданған. Апелляциялық сот отырысы кезінде жауапкер тегін өзгертуге және балаларын шетелде шығаруға келісімін берді. Апелляциялық инстанция сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Сот актісі заңды күшіне енді”, – делінген сот хабарламасында. 

Айта кетейік, бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахарман соттың Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру туралы өтінішін қанағаттандырмағанын жеткізген еді. Назымның айтуынша, сот бұл үшін заңды негіз жоқ деп санаған. Балалардан екі сағатқа жуық жауап алынған. Алайда судья дәлелдерді ескермеген.

Сондай-ақ Назым балаларының тегін де өзгертуді қалайтынын қоса кеткен еді. 

12 қараша, 18:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.