Атырау, 25 желтоқсан 17:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Сұйытылған газды әкетуге тыйым салу мерзімі жарты жылға ұзартылды

390 просмотра

Қазақстан сұйытылған мұнай газын әкетуге тыйым салу мерзімін ұзартты. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қол қойған бұйрықта айтылған, деп хабарлайды Sputnik

"Қазақстан аумағынан сұйытылған мұнай газын, пропанды және бутанды автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынсын", - делінген құжатта.

Айта кетері кейбір жағдайда экспортқа тыйым салынбайды:

өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) не Қазақстан президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өнім өндірген, тұрақты салық режимін ұстанатын жер қойнауын пайдаланушыларға;

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қарашығанақ кен орнында өндірілген қазақстандық шикізаттан жасалған (өңделген) тауарларды әкетуге;

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде басталатын және аяқталатын транзиттік тасымалға;

Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмектің аясында әкетілетін тауарды шығаруға рұқсат етіледі.

Тыйым 2024 жылдың 14 қарашасында күшіне енеді.

12 қараша, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.