Атырау, 25 желтоқсан 18:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Батыс Қазақстанда Ресей зымыран полигонын орналастырғаны үшін төлем кімге түседі?

438 просмотра
Көрнекі сурет

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Бөкей ордасы аумағында ресейлік ракета полигоны орналасуы жөнінде айтты. Айтуынша, полигон үшін Ресей төлейтін төлем мемлекеттік бюджетке түседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Нариман Төреғалиевтің сөзінше, ракета полигонын орналастыру екі ел арасындағы халықаралық келісім негізінде жүзеге асырылады. 

"Қаржы мемлекеттік бюджетке түседі. Полигонды қалай пайдалану керек, қандай жұмыстар атқарылуы керек, оның барлығы келісімшартта жазылған. Сондықтан қаржы облыстық бюджетке түспейді", – деді ол. 

Сонымен қатар журналист брифинг барысында экология министрі де аймақта экологиялық заңбұзушылықтар барын растағанын айтып өтті. Осыған орай Нариман Төреғалиевтен әкім ретінде мәселені тезірек шешу үшін қандай шара қабылдайтынын білген. 

"Бұл халықаралық келісім болған соң, мұнда бәрі айтылған. Шартты мерзімінен бұрын бұзу немесе келісімді тоқтату туралы тек үкімет деңгейінде айтуға болады. Себебі келісімшарт бұрын жасалған. Бұл тек полигонға қатысты емес, тіпті заңды немесе жеке тұлғалар арасында жасалса да, сот аясында шешіледі. Сондықтан келісімнің қанша мерзімге жасалатыны шешіліп қойған. Келісім аяқталғанға дейін біз ештеңе істей алмаймыз", – деді әкім. 

12 қараша, 14:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.