Атырау, 25 желтоқсан 18:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Колумбияда су тасқыны салдарынан төтенше жағдай жарияланды

384 просмотра
Фото: freepik.com

Колумбия президенті Густаво Петро қатты жаңбырдан туындаған су тасқыны салдарынан елде төтенше жағдай режимін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Президент Густаво Петро қатты жаңбырдан туындаған климаттық төтенше жағдайға байланысты ел бойынша апат режимін жариялады», - деді әкімшілік Х әлеуметтік желісінде.

Елдегі жаңбырлы маусым желтоқсан айының соңына дейін жалғасады деп күтіліп отыр.

Су тасқынының салдарымен күресу ел астанасы Богота мен Гуахира және Чоко департаментіне бағытталады.

El tiempo газетінің хабарлауынша, Колумбиядағы су тасқынынан 46 мыңнан астам отбасы зардап шеккен. Кейбір аудандарда жаңбыр өзендердің арнасынан тасуына әкелді. Әзірге құрбандар туралы ақпарат жоқ.

12 қараша, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.