Атырау, 25 желтоқсан 18:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

​Ұлытау облысында ​​8 экостанция ауа сапасын​ бақылайды

362 просмотра

Облыстық прокуратура «Қазгидромет» РМК-ның тарапынан атмосфералық ауаның ластануын мониторингтеу бойынша қызметтер көрсетудің сапасы төмен екенін көрсетті. 

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде қолданыстағы 5 экостанциясына қосымша Жезқазған және Сәтбаев қалалары әкімдіктерінің 8 экостанциясын (Қазгидромет экобекеттерін) қолдану мәселесі шешілді.

Прокурорлық ден қою нәтижелері бойынша мониторингте басқа облыстарда орнатылған жергілікті атқарушы органдардың 58 экостанциясы пайдаланылатынын атап өткен жөн.

Бүгінгі таңда олардың барлығы мемлекеттік бақылау желісіне, оның ішінде пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін «AirKZ» мобильді қосымшасына біріктірілген (әзірлеуші «Қазгидромет» РМҚ). Мобильді қосымша AppStore және Google Play-де қол жетімді.

12 қараша, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.