Атырау, 12 желтоқсан 00:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

Астана LRT-ның экс-басшысы Талғат Ардан сырттай 9 жылға сотталды

234 просмотра

Кезінде LRT-нің бітпей қалуына кінәлілердің бірі Талғат Ардан сырттай сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.

2023 жылы Талғат Ардан бюджет қаражатын талан-таражға салғаны үшін сырттай 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Бұл жолы Талғат Ардан лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Осылайша, жаза мерзімі 9 жылға ұзарды. 

Оның үстіне 85 миллиард теңге көлемінде шығынды өтеуге міндеттелді.

Айта кетейік, Талғат Ардан қазіргі уақытта халықаралық іздеуде жүр. Қайда екені белгісіз.

12 қараша, 08:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.