Атырау, 12 желтоқсан 01:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

Екі өңірде ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

432 просмотра
Фото: freepik.com

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев «Қарасора» іс-шарасының қорытындысын ведомствоның дәстүрлі брифингінде айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«1 маусым мен 31 қазан аралығында республика аумағында «Қарасора-2024» кең ауқымды жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Бұл операция құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру фактілерін анықтауға, жасырын егістіктер және плантацияларды жоюға бағытталған. Іс-шара барысында 1607 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 799 сату фактісі, есірткіні заңсыз сақтаудың 194 фактісі, 245 өсіру фактісі заңсыз айналымнан 21,5 тонна есірткі тәркіленді», - деді ресми өкіл.

Әлекешев операция барысында полиция екі ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойғанын айтты.

«Қарағанды облысында ұйымдасқан топ анықталды. 15 күдікті ұсталды. Олар «мефедронды» Telegram арқылы сатқан. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда. Алматыда 5 адамнан тұратын ұйымдасқан топ әшкереленді. Олар да интернет-ресурстардың көмегімен синтетикалық есірткі сатумен айналысқан. Тінту кезінде күдіктілерден 20 кг мефедрон және 750 кг прекурсор тәркіленді», - дейді ол.
11 қараша, 16:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.