Атырау, 19 желтоқсан 12:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Жапония үкіметі отставкаға кетті

563 рет қаралды
Ашық дереккөзден алынған сурет

Шигеру Ишиба басқаратын бүкіл Жапония үкіметі келесі премьер-министрді сайлар алдында отставкаға кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Киодо порталына сілтеме жасап хабарлайды.

"Ишибаның алғашқы кабинеті 11 қараша таңында министрлер кабинетінің кезектен тыс отырысында отставкаға кетті", – делінген хабарламада.

Агенттіктің хабарлауынша, Ишиба премьер-министр болып сайланса, ол жаңа министрлер кабинетін құрады.

Айта кетейік, 15 қазанда Жапонияда парламенттің төменгі палатасына кезектен тыс сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны басталған еді. Сайлау 27 қазанда өтті. 9 қазанда Жапония парламентінің төменгі палатасы елдің премьер-министрі Шигеру Исибаның шешімімен ресми түрде таратылды. Ал Ишиба үкіметті 1 қазанда басқаруды қолға алған еді. Ол Фумио Кисидаға қоғамның сенімі төмендегеннен кейін бұл қызметке келген еді.

Еске салайық, бұған дейін 1 қазанда Фумио Кисида бастаған Жапония үкіметі отставкаға кеткенін жазған едік. Келесі премьер-министр Шигеру Исиба болып, ол жаңа министрлер кабинетін құрды.

11 қараша 2024, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.