Атырау, 25 желтоқсан 18:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Тоқаев Ішкі істер министрінің орынбасарын тағайындады

391 просмотра

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ішкі істер министрінің орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Санжар Аскенұлы Әділов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Санжар Аскенұлы Әділов 1977 жылы 26 қыркүйекте Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Еңбек жолын 1999 жылы тергеуші болып бастаған. Басшылық қызметте тәжірибесі бар

Әр жылдары ол ішкі істер органдарының тергеу бөлімдерінде (ішкі істер және қаржы полициясы), ҚРІІМ тергеу департаментінде жұмыс істеді. 2013 жылдан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының полиция департаменті бастықтарының орынбасары қызметін атқарды. 2019 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы болды.

Осы тағайындауға дейін ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының бастығы болып жұмыс істеді.

11 қараша, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.