Атырау, 25 желтоқсан 18:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

​Жамбыл облысында алаяққа тап болған мүмкіндігі шектеулі әйелге мүлкі қайтарылды

309 просмотра

Жамбыл облысының прокурорлары мүгедектігі бар тұлғаның алаяқ заңсыз иемденіп алған пәтер құқығын қалпына келтірді.

Жылжымайтын мүлік алаяқтығы көптеген адамдарға, әсіресе азаматтардың осал санаттарына әсер ететін өзекті және күрделі мәселе болып табылады.

Алаяқтар көбінесе құрбандарының мүлкін заңсыз иемдену үшін олардың сенгіштігі мен дәрменсіздігін пайдаланады.

Атап айтқанда, Тараз қаласының прокуратурасы психикалық ауытқушылықпен ауыратын 1-топтағы 62 жастағы мүгедек әйелге тиесілі жылжымайтын мүлікті заңсыз иемдену фактісін анықтады.

2023 жылдың маусым айында алаяқ оның жағдайы мен дәрменсіздігін пайдаланып, Тараз қ., «Қаратау» мөлтек ауданында орналасқан екі бөлмелі пәтерді 9 млн теңгеге сатып жіберген.

Прокуратураның талап арызы бойынша қалалық соттың 2024 жылғы 16 қыркүйектегі шешімімен пәтер иесіне қайтарылды.

Сонымен қатар, қала прокуратурасы алаяққа қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігімен қылмыстық қудалауды бастап, күдікті қамауға алынды.

Оның осыған ұқсас басқа да алаяқтыққа қатысы бар екені анықталды.

Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.

11 қараша, 11:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.