Атырау, 25 желтоқсан 21:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Сарапшылар 2025 жылы доллар 507 теңге болады деп болжам жасады

294 просмотра

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы қаржы нарығына қатысушылар арасында сауалнама жүргізді. Сарапшылар бір доллардың құны 507 теңгеге жетуі мүмкін деп күтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ 

Теңгенің әлсіреу себептері – нақты пайыздық мөлшерлеменің төмендеуі, мұнай бағасының арзандауы, импорттың өсуі және сыртқы қарыз бойынша ірі төлемдер болуы мүмкін. 2025 жылы Қазақстанға қаржы министрлігінің 2,5 млрд долларға еурооблигацияларын өтеу міндеті тұр.

Қазір сарапшылардың көбі базалық мөлшерлеме 14,25% деңгейінде қалады деп болжайды, алайда қазан айында 0,9% дейін көтерілген инфляция оның төмендеуіне кедергі келтіруі мүмкін. Сондай-ақ, инфляция бір жылдан кейін 8,4% дейін өседі деген болжам бар.

– Осылайша, экономикадағы нақты пайыздық мөлшерлеме бір жылдан кейін қазіргі 5,75% қарағанда 4,5% құрауы мүмкін, - деп хабарлады ҚҚҚ.

Келесі айда теңге бағамы салық кезеңі және Ұлттық қордан валютаны салу шеңберінде бір доллар үшін 487,1 теңгеге дейін уақытша нығаюы мүмкін.

– Бір жылдан кейін Brent баррелінің құны АҚШ пен ОПЕК+ тарапынан шикізат ұсынысының ұлғаюы, сондай-ақ әлемдік экономикадағы жоғары ставкалардың мұнай сұранысына теріс әсері шеңберінде 77,4 доллар деңгейінде болжанады, - деп қосты сарапшылар.

Энергоресурстар бағасының төмендігі, жоғары пайыздық мөлшерлемелер мен инфляция, сондай-ақ әлемнің ірі экономикалары арасындағы сауда қатынастарының нашарлауы (болжам) Қазақстан экономикасының өсуіне теріс әсер етуі мүмкін.

Бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы Тимур Сүлейменов доллар бағамына қатысты сұрақтарға жауап берген болатын. 

Алайда кейбір сарапшылар Ұлттық банк бөрағасының оптимизмін қолдамайды. Ол доллар бағасының орташа жылдық бағамы 460 теңгеден аспайды деп есептейді. Жақын арада "көк ақша" кемі 500 теңге тұрады деп мәлімдейді. Девальвацияның барлық алғышартын көріп отырғанын жасырмайды.

11 қараша, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.