Атырау, 25 желтоқсан 21:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

ІІМ 3,5 мың мал басын тауып, иелеріне қайтарды

222 просмотра
Сурет: polisia.kz

Абай облысында криминалдық полиция қызметкерлері жылқы ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Топ төрт адамнан тұрған, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Күдіктілердің 50-ден астам жылқы ұрлағаны анықталды. Олардың бірі шаруа қожалығын басқарған. Ұрланған малды далалы жерге апарып, етін сату үшін сойып отырған. Тірі жылқыларды КамАЗ-бен оңтүстік аймаққа, ал етті облыс базарларына апарған. Қаскөйлер қамауға алынды. 

– Жалпы соңғы бес жылда мал ұрлығы 64%-ға азайды. Жыл басынан бері 419 мал ұрысы ұсталды. 65 қылмыстық топ жойылды. 3,5 мыңға жуық мал иелеріне қайтарылды. Айта кету керек, мал ұрлығы үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.


11 қараша, 08:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.