Атырау, 19 желтоқсан 12:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Еліміздегі сейсмикалық қауіпті өңірлер аталды

1 052 рет қаралды

Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі сейсмикалық қауіпті өңірлерді атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің қатері бар аймақтар қатарына Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік- шығыс бөлігі кірген. Яғни, Алматы қаласынан бөлек Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Жетісу мен Алматы облыстары жерасты дүмпулері болуы мүмкін өңірлер ретінде танылған.

"Әрбір тұрғын өз-өзіне жауапкершілікпен қарап, сақтану шараларын білуі қажет. Мысалы, Алматы қаласының өзінде сейсмикалық жаттығулар өтеді. Сондай жаттығуларға бей-жәй қарамай, жер сілкінісі кезінде не істеу керектігін біліп жүруі тиіс. Өзінің тұратын жеріне жақын қауіпсіз орындарды белгілеп, жер сілкінісі бола қалған жағдайда сондай қауіпсіз орындарды паналаған жөн”, – дейді орталық сейсмикалық обсерваториясының басшысы Жансая Досымбекова.
8 қараша 2024, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.