Атырау, 26 желтоқсан 06:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

9, 10 және 11 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болады?

744 просмотра
Фото: freepik.com

Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күнде – 9, 10 және 11 қарашада ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер болжамынша, Қазақстан аумағының басым бөлігін солтүстік циклон жауып, сондықтан тұрақсыз ауа райы сақталады.

"Қар жауады; батыс және оңтүстік аймақтарда жауын-шашын - жаңбыр, қарлы боран мен көктайғақ болады. Елдің көп бөлігінде секундына екпіні 15-29 метр қатты жел соғады. 9 қарашада түнде Қостанай облысында, 10-11 қарашада республиканың шығысында қалың қар жауады деп болжанған", - делінген хабарламада.

Республиканың оңтүстігінде ауа температурасы күндіз 8-13 градусқа дейін, таулы аймақтарда 5 градусқа дейін жылы болады деп күтіледі.


8 қараша, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.