Атырау, 26 желтоқсан 06:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Едімізде 281 мың адам декларация тапсырмаған

696 просмотра

Міндетті декларанттарға айыппұл төлемес үшін 1,5 ай қосымша уақыт берілген, деп хабарлайды Информбюро.

Астанада өткен баспасөз мәжілісінде Мемлекеттік кірістер комитетінің жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Дина Құсайынова Қазақстанда биыл 281 мың адам декларация тапсырмағанын хабарлады. 

Қазақстанда биыл декларация тапсырудың соңғы күні – 16 қыркүйек болды. Дина Құсайынованың айтуынша, осы уақытқа дейін декларация тапсырмаған адамдардың бәріне хабарлама жіберілген және қосымша 1,5 ай уақыт берілген. Декларацияны мерзімінен кешіктіріп тапсырғандардың бәріне Әкімшілік кодекстің талаптарына сәйкес ескерту түрінде жаза қарастырылған. 27 қазандағы мәлімет бойынша 1241 декларантқа қатысты әкімшілік іс қозғалған. Егер олар декларация тапсыру тәртібін тағы бұзатын болса, 15 АЕК немесе 55 380 теңге (2024 жылы) айыппұл төлеуге тура келеді. 

"Декларация тапсыру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары мейлінше кеңінен жүргізілді. Біздің ақпараттық жүйелеріміз арқылы push хабарламалар жолданса, одан бөлек, әлеуметтік желі, БАҚ арқылы хабарландырдық. 1414 нөмірінің базасын қолданып, хабарлау және түсіндіру жұмыстарын жүргіздік", – деді Дина Құсайынова. 

Еске салайық, 2024 жылы Қазақстанда 4 миллионға жуық адам декларация тапсыруы тиіс болатын. 2025 жылдан бастап олардың саны 13 миллионға дейін артады. 

8 қараша, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.