Атырау, 26 желтоқсан 06:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Енді коммуналдық қызметке кім және қанша тұтынатынына байланысты төлейді

839 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Қазақстанда коммуналдық қызметтерді тұтынудың әлеуметтік нормалары бекітілді. Енді еліміздің тұрғындары коммуналдық қызметтерді кім және қанша тұтынатынына байланысты әртүрлі төлейді, деп хабарлайды Finprom.

Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл халыққа жолдауында былай деді: «Жыл соңына дейін энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөнінде ұлттық жобаны бекіту қажет. Коммуналдық ресурстарды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Келесі жылдан бастап „көп тұтынсаң — көп төлейсің“ қағидатын басшылыққа алып, тұтынудың нақты нормаларын енгізу қажет».

Коммуналдық ресурстарды үнемді тұтыну мәдениетін арттыру және болашақ ұрпақтың тұрмыс жағдайын қамтамасыз ету әлеуметтік нормаларды енгізудің негізгі мақсаттары болып табылады. Қазақстанда коммуналдық қызметтердің төмен тарифтерін ескергенде, энергия мен суды тұтынудың деңгейі әртүрлі. Артық көлемде тұтыну — бұл ресурстарды ысырап ету.

Әлеуметтік нормаларға толығырақ тоқталайық. Сумен жабдықтау саласында тұтыну лимитіне байланысты төрт деңгейлі тарифті қолдану көзделген, мұнда экономикалық шығындар былайша бөлінген:

• айына 3 текше метрге дейін тұтынатын бірінші топ, халыққа арналған тариф деңгейінде;
• айына 3-тен 5 текше метрге дейін тұтынатын екінші топ, халыққа арналған тариф деңгейіне 20% қосылады;
• айына 5-тен 10 текше метрге дейін тұтынатын үшінші топ, халыққа арналған тариф деңгейіне 50% қосылады;
• айына 10 текше метрден көп тұтынатын және есептеу құралдары жоқ төртінші топ, халыққа арналған тариф деңгейіне 100% қосылады.

Жылумен жабдықтау саласында тарифтерді саралау тұрғын үй алаңының бір абонентке шаққандағы шамасы бойынша жүзеге асырылады:

• 100 ш. м дейін — бекітілген тариф қолданылады;
• 100-ден 200 ш. м дейін — тариф бекітілген тарифтен 10%-ға көп;
• 200 ш. м-дан көп — орташа тариф қолданылады.

Айта кетерлігі, табиғи монополиялар субъектілері қосымша алған табыс ТКШ саласындағы басым міндеттерді шешуге, оның ішінде реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша жабдықтар мен желілерді жаңартуға, қайта құрылымдауға, сондай-ақ негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алуға бағытталатын болады. Яғни, қаражат ұсынылатын коммуналдық қызметтердің сапасын жақсартуға жұмсалады.

Әрине, тұтынудың әлеуметтік нормаларын енгізу үшін бөлінетін қосымша қаражатты мақсаты бойынша пайдалану қатаң бақыланады.

Бұл тұрғыда коммуналдық қызметті ақылға қонымды тұтыну туралы ойлану қажет әрі бұл мәселеге барынша жауапкершілікпен қарау керек. Әлеуметтік нормалардың енгізілгенін ескерсек, бұл мәселе бұрынғыдан да өзекті бола түсті.

Төменде берілген ақпараттық кестеде жылу мен суды ұқыпты әрі үнемдеп тұтыну жөнінде ұсыныстар көрсетілген.


8 қараша, 13:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.