Атырау, 26 желтоқсан 10:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Азамат Наумцев «Ақ Жайыққа» қарсы: апелляциялық сот БАҚ-тың кісі өлтірушінің суретін жариялау құқығын қорғады

1 369 просмотра

Атырау облыстық соты қызды зорлап, оны өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған азаматтың суретін жариялауды заңды деп таныды.

Еске сала кетмек, азамат Наумцев он жыл түрмеде отырғаннан кейін ҚР Конституциялық сотына шағымданды. Ол «Ақ Жайық» газеті редакциясының өзінің құқықтарын бұзып, суретін рұқсатсыз жариялауын заңсыз деп тануды талап етті. Сотқа жүгінбес бұрын редакцияға сотқа дейінгі талаппен хат жолдап, өтемақы ретінде 299 999 теңге төлеуді ұсынды. Оның пікірінше, «Подозреваемый в убийстве актюбинской школьницы снимал порно» деген тақырыппен жарияланған басылым оған моральдық зиян келтірген.  

«Бұл іс, дәлірек айтсақ, істер топтамасы заң факультетінде оқытуға арналған кейске жиналып, журналистика факультетінде құқық бойынша оқытылатын дәрістердің бір бөлігі болуға тұрарлық. 2023 жылғы сәуірде Конституциялық сот, егер жариялау конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау мақсатында жүзеге асырылса, БАҚ-тың адамдардың фотосуреттерін олардың келісімінсіз жариялау құқығы конституциялық болып табылады деген шешім шығарды», - деп жазады«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры өзінің ресми сайтында. – Алайда, 2024 жылы Атырау қалалық соты Сергей Наумцевтің «Ақ Жайық» ЖШС-не қатысты жеке деректерді қорғау туралы талап арызын ішінара қанағаттандырып, газетті Наумцевке 30 мың теңге төлеуге және сот шығындарын өтеуге міндеттеді. Бұл шешімін сот суретке түсіру құқығы мен жеке өмір құпиясының бұзылуымен түсіндірді.

«Әділ сөз» қоры соттардың құқық нормаларын біркелкі қолдануын, Конституциялық соттың белгілі бір жағдайларда жеке тұлғалардың келісімінсіз олардың суреттерін жариялауға қатысты БАҚ құқығын сақтау туралы шешімдерін құрметтеуін талап етіп, «Наумцев vs Ақ Жайық» ісін қайта қарауға жоғары тұрған сот инстанциясына amicus curiae шығарды. Еске салсақ, Наумцев түрмеде отырып, 2022 жылы «Диапазон» газетіне қарсы ұқсас талап арыз берген болатын, бірақ Ақтөбе қалалық соты оның талабын қанағаттандырмаған еді.

Бүгін Атырау облыстық сотының алқасы Наумцевтің талабын қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім шығарды. Сот «Ақ Жайық» ЖШС-ін толық ақтап, бірінші сатыдағы соттың қателігін түзеп, заңдылықты қалпына келтірді».

- Облыстық сот әділдікті қалпына келтірді, өйткені барлық БАҚ-қа қоғамдық тәртіп пен халықтың имандылығын қорғау мақсатында адамдардың суреттерін олардың келісімінсіз жариялауға құқық берілген, яғни қарапайым тілмен айтқанда, құқық бұзушылардың фотосуреттерін жариялауға рұқсат етілген, - деп түсіндірді «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының заңгері Сергей УТКИН. – Әрине, олар бұлай аты шыққандарын қаламайды және ешқашан жариялауға келісімін бермес еді. Бірақ қоғам тұрғысынан бұл қажет, сондықтан заңда жалпы ережеден тыс жайттар болады. Сот сіздің ісіңіз бойынша мұны тағы да растады. Құттықтаймын. 

«Әділ сөз» қоры Атырау облыстық сотына істі апелляциялық сатыда қараудағы кәсібилігі үшін алғыс білдіріп, Қазақстан Республикасы аумағында заңдардың одан әрі біркелкі қолдануына үміт артады.

«Ақ Жайық» газетінің редакциясы өз кезегінде «Әділ сөз» қорына біздің БАҚ-қа көңіл бөліп, қолдау көрсеткені үшін шынайы алғысын білдіреді. 

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

7 қараша, 18:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.