Атырау, 26 желтоқсан 10:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Ресейдің үш қаласында қазақ мектептері ашылады

443 просмотра
Көрнекі сурет

Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ресейде қазақ мектептерін ашу мәселесін талқылағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Астанада өткен кездесуде екі елде қазақ және орыс тілдерінде білім беретін мектептер ашу жөніндегі бастамалар көтерілді.

Лавров Қазақстанда орыс тілінде оқытатын үш мектеп ашу туралы келіссөздер жүргізілгенін айтты.

"Қазақстандық достарымыз өз кезегінде тура сондай қазақ тілінде оқытатын бірлескен мектептерді Ресей Федерациясының Орынбор, Омбы мен Астрахань қалаларында ашуға мүдделі. Бұның барлығы екі жақты байланысты нығайтуға бағытталған. Ал бірлескен бастамалардың арта түсуі екі елдің ынтымақтастығын одан әрі күшейтпек", - деді Лавров Астанада өткен брифингте.

Сонымен қатар, Лавровтың сөзінше, екі елдің ортақ тарихын зерттейтін бірлескен тарихшылар тобын құру туралы келісім де жасалған.

7 қараша, 17:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.