Атырау, 26 желтоқсан 09:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Жетісу облысында мүгедек балалары бар адамдардан негізсіз салық ұсталған

363 просмотра
Фото: freepik.com

Жетісу облысында мүгедектігі бар балалардың ата аналарына негізсіз салық ұсталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жетісу прокуратурасы мүгедектігі бар балалардың ата-аналары мен қамқоршыларынан жеке табыс салығының заңсыз ұсталғанын анықтады. Тексеру нәтижесінде 2 млн теңгеден астам қаражат қайтарылып, жауапты тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар балалардың ата-аналары мен қамқоршылары жеке табыс салығын төлеуден босатылған.

Алайда, Кербұлақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Салық кодексінің 346-бабы 1-бөлігінің  3) тармағының талаптарына қайшы келе отырып, аталған азаматтардан негізсіз салық ұстаған.

Атап айтсақ, мүгедек баласы бар білім бөлімінің қызметкерінен 2021 жылдан 2023 жылға дейін 400 мың теңгеден астам қаражат ұсталған.

«Тексеру одан өзге 19 ата-ана мен қамқоршыға қатысты осындай құқық бұзушылықтарды анықтады. Барлық заңсыз ұсталған ақша қайтарылып, салық бөлімінің басшысына «сөгіс» жарияланды», - делінген прокуратура хабарламасында.
7 қараша, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.