Атырау, 26 желтоқсан 09:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

«Қатты жел соғып, көктайғақ болады»: Қазгидромет дауылды ескерту жариялады

397 просмотра
Фото: freepik.com

Қазгидромет болжамы бойынша, бүгін еліміздің көптеген өңірлерінде ауа райы тұрақсыз болып, қатты жел соғып, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 30 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Бұл әсіресе Астана, Қарағанды, Ақмола, және Солтүстік Қазақстан облыстарында айқын сезіледі деп болжануда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлытау облысы

Жезқазған қ.: 07 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 15-20, кей уақыттарда 23-28, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса. Қарағанды қ.: 07 қарашада көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса.

Атырау облысы

Түнде Атырау облысының батысында көктайғақ, күндіз көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Атырау қ: 07 қарашада күндіз көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қ.: 07 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Абай облысы

Семей қ.: 07 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысында көктайғақ, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 07 қарашада түнде көктайғақ, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз көктайғақ, облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде күндіз екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 07 қараша түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Қостанай облысы

Түнде Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Қостанай қ.: 07 қарашада түнде және таңертең бұрқасың, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде 15-20 м/с

Қызылорда облысы

Қызылорда облысының батысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде 23 м/с, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с сақталады. Қызылорда қ.: 07 қарашада жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде күші 15-20 м/с сақталады.

Алматы облысы

Түнде Алматы облысының оңтүстігінде таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 07 қарашада кей уақытта тұман күтіледі. Қонаев қ.: 07 қарашада кей уақытта тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18 м/с.

Жетісу облысы

07 қарашада түнде Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Талдықорған қ.: 07 қарашада түнде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

 

Дауылды ескерту жергілікті АГҚ №24 2024 жылғы 06 қарашадан 2024 ж. 06 қараша 20 сағ. 07 қараша 20 сағ. аралығы

Жетісу облысы

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 30 м/с және одан аса.

Ақтөбе облысы

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдардағы көктайғақ. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қ.: 07 қарашада түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15 м/с.

Жамбыл облысы

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 07 қарашада кей уақытта тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады,түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қ.: 07 қарашада көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Ақмола облысы

Көкшетау қ.: 07 қарашада көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с күтіледі.

7 қараша, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.