Атырау, 2 қыркүйек 03:41
 дождьВ Атырау +15.4
$ 458.45
€ 531.39
₽ 5.29

Алмасбек Садырбай алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды

1 207 рет қаралды

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп, "Шаңырақ" қоғамдық бірлестігінің басшысы Алмасбек Садырбай ұсталды. Ол аса ірі мөлшердегі алаяқтық әрекет жасады деген күдікке ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ол өзі басқаратын адамдар тобы Балқаш, Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарында жалған ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрды деп күдіктеліп отыр. Негізгі мақсат - ұсақ малдың аналық басын ұрықтандыруға субсидияларды заңсыз алу және жемшөп шығындарын өтеу. Бұл үшін заңнамаға қайшы ауылшаруашылық жерлері жоқ шаруа қожалықтары тартылды", - делінген хабарламада.

Бұдан әрі жалған кадастрлық нөмірлерді көрсете отырып, дәйексіз мәліметтерді қамтитын субсидиялар алуға өтінімдер қашықтан берілген.

"Бұл ретте ауыл шаруашылығы кооперативтері басшыларын хабардар етпей, олардың ЭЦҚ-сы пайдаланылды. Осылайша 1,2 миллиард теңгеден астам қаражат ұрланған. А.Садырбай ұсталды. Оның сыбайласы тергеу сотының санкциясымен үй қамауында".

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жарияланбайды.

6 қараша 2024, 18:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.