Атырау, 26 желтоқсан 17:49
 ашықВ Атырау -4
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Мүгедек жандарға арнаулы қызмет көрсететін субъектілер 2025 жылдан бастап лицензияланады

350 просмотра
Фото: freepik.com

Келесі жылдан бастап ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін субъектілер лицензияланады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап осындай қызметтерді көрсететін субъектілерді лицензиялау енгізіледі. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті лицензиар болып анықталды. Лицензиялау процесі толығымен цифрланған. Меншік нысанына қарамастан арнаулы әлеметтік қызметтерді көрсететін барлық субъекті лицензиялауға жатады», - деді ол үкімет отырысында.

Қазір 1021 ұйымда 110 мыңнан астам адам арнаулы әлеуметтік қызмет алады, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жұмыс істейтін 177 үкіметтік емес ұйым бар.

Министрдің айтуынша, жаңа жылдан бастап әрбір қызмет алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік көмек пен қолдаудың қажетті көлемдерін анықтауға мүмкіндік беретін жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі іске қосылады.

«Қазіргі уақытта лицензияға дейінгі дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 844 мемлекеттік ұйымның 634-і цифрландырылған. Осы айдың соңына дейін қалған 210 орталық бойынша жұмыстар аяқталады», - деп сендірді ведомство басшысы.
6 қараша, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.